Pesni.co » Новинки музыки » Елбол Қуанбек - Халық жауы

Елбол Қуанбек - Халық жауы

Елбол Қуанбек - Халық жауы слушать песню
  • Просмотры: 52
  • 04-03-2024
  • 320 kbps, 6.08 Mb
  • Формат: mp3
Скачать mp3

Елбол Қуанбек - Халық жауы текст песни

Мазақ емес қарашаның тағдыры
Жауап берер күн туады әрбірі
Қалың елдің көз жасынан қорықпай
Қазынасын тонағанның барлығы
Халық жауы

Жүлде үшін таңдайлары тақылдар
Қателікті көріп тұрып мақұлдар
Ақтап алып іші біліп тұрса да
Жемқорларды мақтап жүрген ақындар
Халық жауы

Жақсыларға күйе жаққан жамандар
Құдай жоқ деп айтып жүрген надандар
Опасыздық жасағандар Отанға
Ана тілін сыйламайтын адамдар
Халық жауы

Ақ қарасын ажыратып алсын ел
Қазақ болсаң қасіретке қарсы кел
Ауызына келгенді айтып киелі
Сахнаны қорлап жүрген әншілер
Халық жауы

Ол біреудің келіншегі жас ана
Жас анаға жабыстырып мас аға
Маймыл қылып түрлі ойын ойнатып
Тойдың шырқын бұзып жүрген асаба
Халық жауы
Другие треки Елбол Қуанбек
Комментарии (0)
Комментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

00:00
00:00